You are currently viewing ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АВСТРИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АВСТРИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында халықаралық әріптестікті дамыту бағытында маңызды кездесу өтті. Австрия Республикасынан келген ресми делегацияны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қ. Қайыпбек қабылдап, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту мәселелері талқыланды.

Аталған кездесуге Австрия ауыл шаруашылығы кластерінің вице-президенті Х. Визер, Австрия елшілігінің сауда атташесі Д. Пельцляйтнер, сондай-ақ, «Bertsch Group» компаниясының өкілі М. Нурматов қатысты.

Жиын барысында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті, өңірдің шикізат базасы мен инвестициялық алаңдары таныстырылып, инвесторларға ұсынылатын преференциялар туралы ақпарат берілді.

Өз кезегінде австриялық тарап ауыл шаруашылығы, логистика, қаптама өндірісі және туризм салаларында өзара тиімді ынтымақтастық орнату бойынша ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, нақты ұсыныстарын ортаға салып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Айта кетейік, кезедсуде фермерлерді Австрияда оқыту, тәжірибе алмасу және екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыру мүмкіндіктері де қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендерін жеткізді.