Түркістан облысында тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар іске асуда. Өңірде коммуналдық салада 2025 жылы 257 нысанның құрылысы қолға алынды. Оның ішінде 126 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстарының барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрақты бақылауында. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау аясында 5 жоба іске асырылуда Нақтырақ айтқанда, «Нұрым груп», «Састөбе», «Азиян фиш», «Дала констракшн», «Дарын 2030» жобалары қолға алынды. Жоспарға сәйкес, 2 нысанның құрылысы толық аяқталса, қалған 3 нысанның құрылысы 2026 жылға өтпелі. 2025 жылы ауыз су саласы бойынша жалпы 82 нысанның құрылысына бюджеттен 53 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде, 42 нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілды. Қалған 40 нысан биыл аяқталады. Осы жобалардың ішінде бірінші кезекте индикаторға енгізілген жобаларды аяқтау көзделген. Аталған индикаторға 30,8 мың халқы бар 30 елді мекен енгізілген. Бүгінде 30 елді мекендегі нысандардың құрылысы толық аяқталды. Атап айтқанда, Сарыағаш ауданында – 9, Келесте – 13, Ордабасыда – 3, Қазығұртта – 1, Отырарда – 2, Бәйдібекте 2 нысан пайдалануға берілді. 2025 жылдың қорытындысымен облыстағы 801 елді мекен (7 қала, 794 ауылдық елді мекен) 100% ауыз сумен қамтылды. Қалған 8 елді мекен (халық саны – 0,6 мың) кешенді-блок модульдерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында Сарыағаш ауданындағы 2 елді мекен, Келес ауданындағы 4 елді мекен және Шардара ауданындағы 2 елді мекен бар.
Сонымен қатар облыс аумағындағы елді мекендерді кәріз жүйелерімен қамту мақсатында 17 нысанның құрылысына 6,9 млрд. теңге бөлінген. Соның ішінде 15 нысан қалаларда, ал 2 нысан ауылдық елді мекендерде іске асырылуда. Атап айтқанда, Түркістанда – 12, Төлебиде – 1, Ордабасыда – 1, Сарыағашта – 1, Арыста 2 нысанның құрылысы қолға алынды. Оның ішінде, 8 нысан пайдалануға берілсе, қалған 9 нысан 2026 жылға өтпелі.
Жалпы облыс тұрғындарының кәріз жүйелерімен қамтылу көрсеткіші қалаларда 42,5 пайызды немесе 224,3 мың адамды құраса, ауылдарда 8,7 пайыз немесе 140,8 мың адамды құрайды. Өңір тұрғындарын «көгілдір отынмен» қамту мақсатында 2025 жылы 87 нысанның құрылысы қолға алынды. Соның ішінде 2025 жылы 70 мың халқы бар 41 елді мекенді қамтитын 45 жобаның құрылысы аяқталды. Қалған 42 жоба осы жылы аяқталады. 2025 жылы елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 54 нысанның құрылысы қолға алынып, 29 нысанның құрылысы аяқталды. Нәтижесінде, 52,01 мың халқы бар 27 елді мекен сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Ал қалған 31 елді мекенді қамтитын 25 нысан 2026 жылы аяқталады. 2025 жылы 42 шақырым жылу желілерін қайта құру жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде Кентау қаласы бойынша жылу желілерінің тозу деңгейі 65%-дан 41%-ға төмендеді. Жылу желілерінің қайта құру жұмыстары 2026 жылға өтпелі. 2024–2025 жылдары Кентау жылу энерго орталығында 6 қазандықта толық қайта құру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 8 қазандыққа басқарудың автоматтандырылған жүйесі орнатылып, жалпы жылу беру процестері автоматтандырылды. Бұдан бөлек, станцияның жабдықтарында, турбоагрегаттарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде электр энергиясын өндіру көлемі 5 МВт-тан 10 МВт-қа дейін артты. Өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен, табиғи газбен және электр желісімен қамту жұмыстары жалғасады.