Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасына сәйкес, 15-18 ақпан аралығында Түркістан облысының делегациясы Қазақстан-Иран экономикалық форумына қатысты. Форумда екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу талқыланды.
Іссапар барысында облыстық кәсіпкерлік басқармасы және «TURKISTAN INVEST» өкілі «Sorena Carpet Co.» компаниясымен кілем өндірісі зауытын іске асыру бойынша меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, Иран кәсіпкерлерімен трактор құрастыру, балық жемін өндіру, мал терісі мен жүнін қайта өңдеу бағытында келіссөздер жүргізілді.
Делегация Кашан қаласындағы кілем зауыттарымен танысып, Түркістанда ирандық кілемдердің шоу-румын ашу мәселесін қарастырды. Жақын арада ирандық кәсіпкерлер Түркістанға арнайы іссапармен келуді жоспарлап отыр.