Вы сейчас просматриваете ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫНА 10 МЛН МЕТР ДЖИНСЫ МАТАСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫНА 10 МЛН МЕТР ДЖИНСЫ МАТАСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

🔹Түркістан облысының экономикалық ахуалын жақсарту, өңірге инвестиция тарту, отандық өндірісті дамыту мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді. Бүгін осы мақсатта Түркістанда кезекті жоба бастау алып, джинсы маталарын шығаратын кәсіпорынның іргетасы қаланды. Оған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС-ның директоры Жин Ёуйй қатысып, мақта-мата жібін иіру мен джинсы маталарын өндіру желілерінің құрылысының капсуласын салды.

🔹Аталған нысанда жылына 10 млн метр джинсы маталары өндірілмек. Жобаның жалпы құны 23,3 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ мұнда мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Нысанның жалпы аумағы 20 гектарды қамтиды. Зауыт жұмысына қажетті жабдықтар толық заманауи технологиялармен қамтылады. «Turan» арнайы экономикалық аймағында орналасқан нысан жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Жобаны үш кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр.

🔹Жалпы, облыстағы индустриалды аймақтар, шағын өндірістік парктер мен арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын жандандыру нәтижесінде 10 айда өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн. теңгеге жетіп, өсім деңгейі 113,4 пайызды құрады.

Добавить комментарий