Вы сейчас просматриваете ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

  • Автор записи:
  • Рубрика записи:Blog
  • Комментарии к записи:0 комментариев

Түркістан қаласында өтіп жатқан «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлармен кезекті рет кездесу өткізді. Кездесуге Қытайдың ірі компаниялардың өкілдері қатысып, оларға өңірдің экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Әкім инвесторларға Түркістан облысының стратегиялық артықшылықтарын, инфрақұрылымдық дамуын және бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.

– Интеграция мен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету аясында біз өңіріміздің өндіріс саласына шетел компанияларының қатысуын арттыруды жоспарлап отырмыз. Сіздер, Орталық Азия, Қытай, Ресей және Еуропаны жалғайтын транзиттік дәліздің стратегиялық қиылысында орналасқан Түркістан облысына инвестиция құю арқылы үлкен нарыққа жол ашасыздар. Облысымызда индустриалды аймақтар, арнайы экономикалық аймақтар бар. Өндірісті дамытып, жаңа зауыттар ашуға қолдау көрсетіледі, – деді Нұралхан Көшеров.

Инвесторлар күн және су электр станциясын салу, көлік-логистикалық сала, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, туризм бағыттары бойынша ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге дайын жобалар болса, қаржы салуға да дайын екенін жеткізген компаниялар да болды. Кездесуде облыста жүзеге асып жатқан жобаларға қатысты мәселелер де тыңдалып, инфрақұрылымға қатысты түйткілдерді шешу бойынша тапсырмалар берілді.

Добавить комментарий