Вы сейчас просматриваете ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА «ТҮРКІСТАННЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ ӨТТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА «ТҮРКІСТАННЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ ӨТТІ

«Turkistan investment and tourism forum – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Түркістанның дамуындағы цифрлық трансформация мен жасанды интеллект» тақырыбында панельдік сессия өтті.

Сессияда Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев, Woosong University Kazakhstan университетінің әкімшілік істер жөніндегі деканы Чон Ён Хва, «Қауіпсіз қала» бағытының жетекшісі, «Hikvision» компаниясының өкілі Алмас Кумбассов, «Shaanxi Kobit Aviation Technology Co., Ltd.» компаниясы бас директорының орынбасары Фан Гоюань, «Sergek Group» компаниясының өкілі Арман Шапаев, «Қазақтелеком» АҚ сату департаментінің директоры Жандос Байдәулетов жасанды интеллектті енгізу, өңірде мамандарды даярлау мен инновацияны қолдау үшін цифрлық платформалар мен орталықтар құру жайында ой қозғап, пікір алмасты. Оған Ботагөз Қасабек модераторлық етті.

Цифрлық инновацияларды жүзеге асыру мен Түркістанның технологиялық әлеуетін арттыруға арналған маңызды алаңда Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Түркістан облысының инвестициялық және туристік әлеуетіне тоқталып, шетелдік инвесторларды бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Добавить комментарий