ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» украиналық «UBC» компаниясының серіктестері және инвесторларымен бизнес-форум өтті. Халықаралық форумға Украина, Түркия, Грузия, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан және еліміздің ірі компания иелері мен өкілдері қатысты.

✔Форумда, алдымен Түркістан облысының инвестициялық-экономикалық әлеуеті туралы презентация жасалды.

✔Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақтың инвестициялық әлеуетіне тоқталып, жиынға қатысушыларды бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Тоңазытқыштар өндірісі жобасының сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді.

✔Маңызды басқосуда «Түркістан Инвест» компаниясының басқарма төрағасы Өмірзақ Юсупов Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін таныстырып, ұсынылатын мүмкіндіктер туралы баяндады.

Добавить комментарий