Вы сейчас просматриваете Түркістан облысында жаңа өндіріс ашылу жоспарлануда!

Түркістан облысында жаңа өндіріс ашылу жоспарлануда!

Түркістан облысында «Инженерлік коммуникациялар мен су құбырларын монтаждауға арналған құбыр өндіру» зауытының құрылысы басталады. Бұл жоба облысымыздың экономикалық дамуына жаңа серпін береді.

Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысы Нұржігіт Назарбекұлы Мырзахметов пен «Xinjiang Jiaanjiajie Security Co., Ltd» компаниясының басшысы Хуа Синсю ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 🤝

Жоба бойынша жоспарланған инвестициялар көлемі — 15 млн. АҚШ доллары.

Жобаны іске асыру мерзімі — 2025-2026 жылдар.

Жаңа жұмыс орындары — 80 адамға дейін.

Бұл жоба өңіріміздің инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындарға жаңа жұмыс мүмкіндіктерін ашуға үлес қосады. Түркістан облысының болашағы жарқын!

Добавить комментарий