Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Су Фанцюмен кездесті. Тараптар екіжақты экономикалық, инвестициялық не өңіраралық серіктестікті нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқылады.
Облыс әкімі Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңыздылығына тоқталып, екі ел арасындағы саяси диалог пен өзара сенім өңірлер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, тараптар сауда айналымын арттыру, бірлескен өндірістер ашу, заманауи технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және экспорттық әлеуетті арттыру бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне тоқталды.
Қытай консулы Түркістан облысының даму қарқынына жоғары бағасын беріп, әріптестікті нығайтуға күш салатынын жеткізді. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, логистика, «жасыл экономика» және өзге де салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол екенін айтты.
Түркістан облысы Қытайдың бірқатар өңірлерімен тікелей байланыс орнатқан. Атап айтқанда, Хубэй, Шэньси, Хэйлунцзян, Хэнань және Гуйчжоу провинцияларымен, сондай-ақ Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Баянгол-Моңғол автономиялық округімен бауырластық қатынастар орнату туралы келісімдер жасалған.
Инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, нақты жобаларды іске асыру арқылы өңірдің өндірістік және экспорттық әлеуетін арттыруға басымдық береді.
