ӨЗБЕКСТАН ІССАПАР

Түркістан облысы әкімдігінің Түркістан облысы Инвестициялар және экспорт басқармасының басшысы Қ. Әзімов бастаған делегациясы, сондай-ақ "Turkistan Invest" ЖШС басқарма төрағасы Б. Жұмашбеков пен "Turkistan Invest" ЖШС Инвестициялар және талдау бөлімінің жобалық менеджері Б. Үсенбековтың қатысуымен Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласы, Самарқанд қаласы және Жизақ облысына жұмыс сапарымен барды.


Іссапар аясында:1. "Чирчик" Химия-индустриялық технопаркі кәсіпорны;2. Экономикалық даму министрлігінде кедейлікті азайту бойынша жұмыс бағдарламаларымен танысу халық, қандай әлеуметтік пакеттер қарастырылған, кедейлікке қарсы күрес бағдарламасы қалай әзірленген;3. "Zelal Tekstil" ЖШҚ кәсіпорны;4. "Jizzax Kenteks" ЖШҚ кәсіпорны;5. "Azia Metall Prof" ЖШҚ кәсіпорны;6. "СамУзАвто" ЖШҚ кәсіпорнында автобустар, қоқыс таситын көліктер, өрт сөндіру машиналары, модель-пикап автомобильдерін шығаратын зауыттың қызметі;7. "Vero Group" ЖШҚ өндірістік аймағында кәсіпорыны, бұрандалар, шегелер, су-пластикалық құбырлар, өздігінен бұрап тұратын бұрандалар өндірісімен танысып, тәжірибе алмасты.