«TURKISTAN INVEST» ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ЭКСПОРТТЫ ДАМЫТУ ӨҢІРЛІК АГЕНТІГІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Turkistan invest» өңірлік агентігі Басқарма Төрағасы болып БАҒЛАН ШАЙМЕРДЕНҰЛЫ ЖҰМАШБЕКОВ болып бекітілді.
Бағлан Шаймерденұлының инвестиция тарту саласында тәжірбиесі орасан.Бағлан Жұмашбеков еңбек жолын 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының қарапайым маманы болып бастаған.
2007 жылдан 2018 жылға дейін аталмыш басқарманың жетекші маманы, бас маманы, бөлім жетекшісі, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған. 2018 – 2020 жылдары «Шымкент» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы» Ұлттық компаниясы Акционерлік Қоғамының жобалар жөніндегі Басқарушы директоры қызметін атқарған. 2020 жылдан осы уақытқа дейін «Turkistan Invest» инвестиция тарту және экспортты дамыту өңірлік агентігінде департамент директоры, Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.Айта кетейік, Бағлан Жұмашбеков 1986 жылы Шымкент қаласында туған. Білімі жоғары, мамандығы мемлекеттік-жергілікті өзін-өзі басқару және құқықтану.