ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ

Түркістан облысы Инвестиция және экспорт басқарма басшысының орынбасары Нұргүл Абдразакова бастаған делагация Өзбекстан еліне барып, инвесторлармен кездесу өткізді.Түркі мемлекеттерінің бизнес өкілдері басқосатын тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістанның ауқымды ресурстық базасын, адами капиталы мен туристік әлеуетін ескере отырып, өңірімізде түркі елдерін біріктіретін «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылмақ.



Аталмыш аймақтың ерекшелігі мен мүмкіндіктерін, жеңілдіктерін таныстырған делагация Хорезм облысы әкімдігімен Түркістан облысымен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саласы бойынша ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.Хорезм және Ферғана облыстарында орналасқан тоқыма өнеркәсіптерінің әлеуітімен танысып, инвесторларға Түркістан облысында кәсіпорын ашуға жасалған мүмкіндіктер мен жеңілдіктер таныстырылды.


Үргенч және Ферғана қалаларында орналасқан «UrTex CARPETS», «Urgench Cluster Group», «Urgench Baxmal», «Gurlan Global Teks», «Uztex Shovot» және «Fergana Global Textile» тігін фабрикалары, сонымен қатар, «Oltyn Vody», «Qoqan CHARIM» тері өңдеу кәсіпорын басшыларымен кездесу арқылы Түркістан облысында бизнес әлеуетін кеңейтуге болатынын жеткізді.Кездесу соңында екі тарап бірлескен сындарлы жұмысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен жан-жақты әріптестікті нығайтуға өз ықпалын тигізетініне сенім білдірді.Бұдан басқа, Түркістандық делегация Өзбекстанға сапары аясында тарихи орындарға арнайы барып, тарихи мемлекеттік музейлермен танысты.


Айта кетейік, елімізде тоқыма өндірісінде негізгі үлесті Түркістан облысына (31%) және Шымкент қаласы (25%) тиесілі. Дәстүрлі түрде мақта Түркістан облысында өсіріледі. Тиісінше, мақта өңдеу кәсіпорындары негізінен осы өңірде шоғырланған. Сонымен қатар, табиғи тоқыма талшықтары ішінде мақта талшығы - елдегі өндіріс көлемі бойынша ең үлкен топ болып табылады.