КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ОБЛЫС ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ІССАПАРМЕН БАРДЫ

Облыс әкімі Дархан Аменгелдіұлының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 11-12 қыркүйек күндері Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының екінші рет ұйымдастыруымен Түркістан облысының кәсіпкерлерінен құралған делегация Өзбекстан Республикасы, Андижан облысына іссапармен барды. Сапардың негізгі мақсаты - Түркістан облысында жібек өнеркәсібін дамыту мақсатында тәжірибе алмасу.
Бағдарлама бойынша делегация Андижан облысының жеке кәсіпкері Абдуфаттах ақсақалдың тұт ағаштарының плантациясын аралап, түрлі сорттарымен танысты. Облысымыздың кәсіпкерлеріне тұт ағашын өсірудің пайдасы оның тиімділігі және әлемдік нарықтағы жоғарғы табысқа ие кәсіп екендігі түсіндірілді.
Тұт ағашының плантациясы аз инвестицияны қажет ететін жобалардың бірі болып саналады және «Ауыл Аманаты» бағдарламсымен қаржыландыру жолдары қарастырылған. Осы салаға қызығушылық танытқан кәсіпкерлеріміз жібек өндірушілерімен пікір алмасып, байланыс орнатты.
Іс-сапар барысында кәсіпкерлер тұт ағашын өсірудің тиімді механизмдерімен танысты. Атап айтқанда, тамшылатып және буландыру арқылы суару жүйелері.
Бірқатар кәсіпкерлеріміз Өзбекстаннан тұт көшеттерін әкелуге және одан әрі өзбекстандық кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеуге ниеттенуде.