ҚҰРҒАҚ ҚҰРЫЛЫС ҚОСПАЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН РЕСЕЙЛІК БРЕНД ТҮРКІСТАННАН ЗАУЫТ АШУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

ҚҰРҒАҚ ҚҰРЫЛЫС ҚОСПАЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН РЕСЕЙЛІК БРЕНД ТҮРКІСТАННАН ЗАУЫТ АШУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров құрғақ құрылыс қоспаларын, гипсокартон және ойық плиталар шығаратын Ресей нарығындағы №1 «ВОЛМА» брендінің өкілдерімен кездесті.
Кездесу аясында инвесторларға облыстағы маңызды әлеуетті инвестициялық алаңдар, Оранғай мен Кентаудағы АЭА өнеркәсіптік субзоналар, әлеуетті кен орындары таныстырылды.
Айта кетейік, "ВОЛМА" - федералды өндірістік компания, құрғақ құрылыс қоспалары, гипсокартон және ойық плиталар шығаратын №1 ресейлік бренд.
Құрылыс-әрлеу материалдары нарығында 1999 жылдан бастап дамуда. Негізгі қызметі: өз кен орындарында табиғи гипс тасын өндіру және гипс, сондай-ақ цемент негізінде құрылыс-әрлеу материалдарын өндіру.
Компанияның құрылымына 8 өндірістік алаң, оның ішінде Волгоградтағы, сондай-ақ Мәскеу облысындағы, Орынбордағы, Адыгеядағы, Татарстандағы, Челябинскідегі және Иркутск облысындағы 2 зауыт кіреді.