«ӨҢІРЛІК ЭКСПОРТТАУШЫЛАР КЕҢЕСІ» ӨТТІ

Түркістан облысы инвестиция тарту және экспортты дамыту «Turkistan Invest» өңірлік агентігінің ұйымдастыруымен «ӨҢІРЛІК ЭКСПОРТТАУШЫЛАР КЕҢЕСІ» өтті.
Кеңеске мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі»АҚ, ҚазСтандарт, сонымен қатар, облыстағы ірі экспорттаушылар қатысты.
Айта кетейік, Түркістан облысының тауар айналымы 2022 жылдың 12 айында 1 511,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға жоғары.
2022 ж. Түркістан облысынан экспорт 21%-ға өсіп, 932,5 млн. АҚШ долл. құрады.Шикізаттық емес экспорттың оң серпініне негізгі үлес қосқандар: ірі қара мал - 52,1 млн. АҚШ долл, немесе 291,1%-ға, қой еті - 25,9 млн. АҚШ долл. немесе 3700%-ға, бидай ұны - 20,3 млн. АҚШ долл. немесе 213,7%-ға, балық филесі - 11,1 млн. АҚШ долл.немесе 194,7%-ға, трансформаторлар 3,5 млн. АҚШ немесе 28,9%.