«ӨҢІРЛІК ЭКСПОРТТАУШЫЛАР КЕҢЕСІ»

16 ақпан күні Түркістан облысы инвестиция тарту және экспортты дамыту «Turkistan Invest» өңірлік агентігінің ұйымдастыруымен «ӨҢІРЛІК ЭКСПОРТТАУШЫЛАР КЕҢЕСІ» өтеді.

Кеңеске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, ҚазСтандарт, сонымен қатар, облыстағы ірі экспорттаушылар қатысады.Өтетін уақыты: 16 ақпан, сағат 16:00Өтетін орны: Түркістан қаласы Оқушылар сарайы ғимараты