Экспорттаушыларды сервистік қолдау

Экспорттаушыларды сервистік қолдау шеңберінде 2023 жылы «QazTrade» АҚ 10 елде сауда-экономикалық миссиялар ұйымдастыруды жоспарлап отыр:
1.Өзбекстан (ақпан)
2.Вьетнам (наурыз)
3.Моңғолия (29-31 наурыз)
4.Иран (сәуір)
6.Қытай (мамыр)
7.Сауд Арабиясы (мамыр)
8.Түркия (8-10 маусым)
9.Пәкістан (маусым)
10.Әзірбайжан (маусым).
Іс-шаралардың негізгі мақсаты қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті импорттаушылар, трейдерлер мен дистрибьюторлар арасында тікелей байланыс орнату, сауда қатынастарын жандандыру болып табылады.
Осы іс-шара шеңберінде мынадай шығыстар жабылады: - Жабдықталған конференц-залды жалға алу; -Сауда миссиясы күні кофе-брейк және түскі ас ұйымдастыру;- Қазақстандық қатысушылардың тұруы (кәсіпорыннан бір адамнан артық емес және сауда миссиясы өткізудің ресми мерзімдерінде ғана);
- Қазақстандық қатысушылардың сауда миссиясы еліндегі трансфері.Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/LCji6CzwGS9VjePA8Барлық сұрақтар бойынша сіз TURKISTAN INVEST жобаларды сүйемелдеу және экспортты дамыту бөліміне жүгіне аласыз.