«Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Президент «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы бұл конкурстың дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқанын атап өтіп, 2005 жылдан бері шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі үш есе өскенін және қазір ел экономикасының 34 пайызына жуықтағанын айтты.
- Бүгінде осы салада 3,5 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Бұл – еңбек ететін халықтың 40 пайызы деген сөз. Тағы бір жетістік: былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты рекордтық көрсеткішке – жиырма миллиард долларға жетті.
Осы жылдың соңына дейін жалпы құны 2 триллион теңге болатын 160 жоба жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары Түркістан облысынан:ҚР Президенінің «Алтын сапа» сыйлығын «Бөрте Милка» ЖШС азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын ең үздік кәсіпорындар номинациясын жеңіп алды.«Хабибулла-ата» жеке кәсіпкерлігінің жиһаздары халыққа арналған ең үздік тауарлар болып танылды.
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығарушы «AYKAN» ЖШС топ жарды."Парыз" сйылығының Алтын белгісімен ірі бизнес арасында "Үздік ұжымдық шарт" номинациясында "Кентау Трансформатор Зауыты" АҚ марапатталды.2022 жылы «Іскер» арнайы сыйлығын 10 компания еншіледі, соның бірі Түркістан облысынан «Хамит» ӘКК жеңіп алды.Айта кетейік, байқау жыл сайын «өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар, халыққа арналған үздік тауарлар, үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша өтеді. Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады.Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен сапа саласында жетістіктерге жеткен кәсіпкерлер қатысты. Түркістан облысынан бес кәсіпорын жүлделі болды. Лауреаттарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттады.