Экспорттаушылар шығындарын өтеуге зор мүмкіндік

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ арқылы экспорттаушы компаниялардың транспорттық және өзге де шығындарының белгілі бір бөлігін өтеу мүмкіндігі жоғары.

Алайда, көбінесе отандық тауар өндірушілері аталған мүмкіндіктен немесе құжат жинау жолдарынан хабарсыз. Сондықтан, біздің агенттік мамандары экспорттаушыларға ақпараттық қолдау көрсетіп, құжаттарды дұрыс жинауға көмектеседі.

Осы орайда, насихаттау жұмыстарын нәтижели әрі сапалы жүргізу мақсатында «TURKISTAN INVEST» инвестиция тарту және экспортты дамыту өңірлік агенттігі» мен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандум негізінде Түркістан облысының өңделген тауар өнімін шығарушы экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық және жан-жақты талдамалық жұмыс жүргізілетін болады.